Немістердің көпшілігі зейнетке мерзімінен бұрын шығады

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылы жаңа зейнеткерлердің тек 40%-ы ғана заңмен белгіленген зейнет жасына дейін жұмыс істеген (2024 жылы бұл жас — 66, ал болашақта — 67 жас болады), деп хабарлайды DW Berliner Zeitung Германияның Зейнетақы сақтандыру қорының деректеріне сілтеме жасап.

Немістердің көпшілігі зейнетке мерзімінен бұрын шығады
Фото: Анадолы

Аталған деректерге сәйкес, 2024 жылы шамамен 937 000 адам алғаш рет кәрілікке байланысты зейнетақы алған. Олардың ішінде шамамен 559 000 адам әртүрлі шарттармен мерзімінен бұрын зейнетке шыққан.

Олардың ішінде шамамен 225 200 адам ұзақ еңбек өтілі бар сақтандырылған азаматтар ретінде аз мөлшерде зейнетақы алуға келісім берген. Бұл кем дегенде 35 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлерге қатысты. Олар 63 жастан бастап зейнетке шыға алады, бірақ белгіленген зейнет жасына дейін әр ай үшін өмір бойы 0,3% зейнетақыдан айырылып отырады. Мысалы, бір жыл бұрын шықса — 3,6%-ға аз алады. Екі жыл бұрын — 7,2%-ға, және сол сияқты.

Ал ерекше ұзақ еңбек өтілі бар (45 жыл) сақтандырылған азаматтарға қатысты бұл шектеулер қолданылмайды, егер олар ең төменгі жасқа жетсе. 2024 жылы бұл жас — 64 жастан сәл асқан.

Орташа есеппен алғанда, Германия тұрғындары 64,7 жаста зейнетке шығады.

Бұған дейін хабарланғандай, Германияда жұмыссыздар саны үш миллионнан асты.

Соңғы жаңалықтар