Немістердің жартысы ғана қоғамдық орындарда өздерін қауіпсіз сезінеді

АСТАНА. KAZINFORM — Infratest dimap зерттеу институты жүргізген сауалнамаға сәйкес Германия тұрғындарының 50%-ы ғана қоғамдық орындарда өздерін қауіпсіз сезінеді, деп хабарлайды ТАСС.

Германия
Фото: Ingo Joseph/pexels

Деректерге сүйенсек, респонденттердің тек 50 пайызы ғана көшеде, саябақтарда, қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз сезінеді. Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 5% төмен. Ал сауалнамаға қатысқандардың 48%-ы қоғамдық орындарды белгілі бір дәрежеде қауіпті деп санайды.

Сонымен қатар әлеуметтанушылар ерлердің 56%-ы, ал әйелдердің 45%-ы өзін қауіпсіздікте сезінетінін анықтады. 2017 жылы өзін қауіпсіз сезінетін немістердің үлесі 75% болған.

Сауалнама 3-5 қараша аралығында жүргізіліп, оған 1300 адам қатысты. 

Қоғамдық қауіпсіздік Германия саясатындағы басты бағыт саналады, оған канцлер Фридрих Мерцтің (CDU) көші-қон туралы мәлімдемелері мысал бола алады. 14 қазанда Мерц Германия билігі көші-қон саясатындағы бұрынғы қателіктерді түзетіп жатқанын және «миграция мәселесін шешуде айтарлықтай жетістіктерге жеткенін» айтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін сириялықтардың көпшілігі Германияда қалатыны туралы жариялаған едік

Соңғы жаңалықтар