Непал әуежайлары 11 қыркүйекке дейін жабылды
АСТАНА. KAZINFORM - Непал армиясы басқа да қауіпсіздік қызметтерімен келісе отырып, елдегі жаппай тонау, өрт қою және вандализм, тәртіпсіздік болып жатқан қалалардың көшелеріне әскерлерін орналастырды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бұл туралы әскерилердің қоғаммен байланыс департаментінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Khabarhub порталы хабарлады.
Сонымен қатар Непал армиясы Катмандудағы Трибхуван халықаралық әуежайын бақылауға алды. Бұл туралы бас менеджер Ханса Радж Пандей мәлімдеді.
– Непал армиясы әуежайдың ішінде және сыртында басқаруды өз қолына алды, біз жалпы қауіпсіздікке сенімдіміз, - деп келтіреді Пандейдің сөзін Katmandu Post.
Оның айтуынша, әуежайдың жабылуына байланысты жүздеген жолаушы Непалда ұшып-қона алмай қалған. Пандей сәрсенбі күні түстен кейін әуежайды қайта ашу туралы шешім қабылдамас бұрын билік қауіпсіздік жағдайын қарастыратынын айтты.
Бұған дейін Непалдың туристік кеңесі мен жергілікті әуе компаниялары Непалдағы барлық әуежай 11 қыркүйекке дейін жабық күйінде қалады, жабылу мерзімі ұзартылуы мүмкін деп мәлімдеді.
Еске салайық, 8 қыркүйекте Катманду мен Непалдың басқа да бірқатар ірі қалаcында үкіметтің шараларына қарсы шыққан мыңдаған адамның қатысуымен жаппай наразылық шерулері басталды.
Тәртіп сақтау үшін астанаға әскерилер жіберіліп, мерзімсіз коменданттық сағат енгізілді. Шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде 20-дан астам адам қаза тауып, 500-ден астамы жараланды.
Непалдың Лалитпур қаласындағы Накху түрмесінен 1500-ге жуық тұтқын қашып кетті.