Непалда аса үлкен аспалы көпір құлады (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда ұзаққа созылған, 58 адамның өмірін қиып кеткен су тасқыны салдарынан Бутбал қаласы аумағындағы Тинау өзеніне салынған аса ірі аспалы көпір опырыла құлады.
Кездейсоқ өтіп бара жатқан жолаушылар бұл оқиғаны камераға түсіріп алған.
Бұл келеңсіз жағдай 26 шілдеде таңертең орын алды. Көпірмен бірге тағы бес үй суға ағып кеткен. Кейбір ақпараттарға қарағанда, екі полиция қызметкері жараланған.