Непалда көшкін екі автобусты ағызып кетті, құтқарушылар 70-ке жуық адамды іздеп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Непалда жұма күні түнде көшкін өзенге 66 адамнан тұратын екі автобусты ағызып кетті. Апат орнында ауқымды құтқару операциясы жүргізіліп жатыр, деп жазады ВВС.

Автобустар муссондық жаңбыр кезінде Меданнан Ашритке дейінгі тас жолдармен жүрді. Түнгі сағат 3 шамасында Сималтали ауданында, Катманду астанасынан шамамен 120 км қашықтықтағы көшкін аймағына тап болды.
Мәлім болғандай, автобустардың бірінде 24 адам, екіншісінде 42 адам болған, бірақ жол бойында жүргізушілер тағы да жолаушыларды мінгізуі мүмкін.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, жолаушылардың арасында жеті Үндістан азаматы болған.
Қазіргі уақытта үш адамның тағдыры белгілі: оларды апат орнына жақын жерде жергілікті тұрғындар өзеннен тауып алып, ауруханаға жеткізді.
Автобустар құлаған Тришули өзені қатты жаңбырдың салдарынан арнасынан асып кетті.
Құтқарушылардың айтуынша, судың шамадан тыс көп болуы олардың жұмысына кедергі келтіріп отыр.