Непалда наразылық кезінде 14 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Непалда наразылық кезінде полицияның оқ жаудыруы салдарынан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін, 8 қыркүйекте The Katmandu Post газеті дәрігерлерге сілтеме жасап хабарлады.

Непалда наразылық кезінде 14 адам қаза тапты
Фото: The Katmandu Post

Басылымның мәліметінше, бұған дейін Непал үкіметі көрсетілген мерзімде Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінде тіркелмеген бірқатар ірі әлеуметтік желілердің қызметіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған.

Meta, Alphabet (YouTube), X (бұрынғы Twitter), Reddit және LinkedIn сияқты платформаларға тыйым салынды. Непал Коммунистік партиясының (Маошыл орталық) парламенттегі мүшесі, партияның ұйымдастырушысы Хит Радж Пандей бұл шешімді қабылданбайды деп бағалап, әлеуметтік желілердің жабылуы елде тәртіпсіздіктерге әкелетінін ескертті.

Жергілікті халықтың бір бөлігі Нью-Банешварға жиналып, үкіметтің әрекетіне наразылық білдірді. Олар әлеуметтік желілердегі шектеулер мен үкіметтегі жемқорлыққа наразылық білдіріп, бірақ полиция оларды күшпен басып тастады.

— Нью-Банешвар ауданындағы шеру кезінде полицияның оқ жаудыруы салдарынан 14 адам қаза тапты, - делінген хабарламада.

80-нен астам адам зардап шекті, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр, кемінде 10 адамның жағдайы ауыр.

Еске сала кетейік, Непалда муссон маусымында 43 адам көз жұмды.

 

Соңғы жаңалықтар