Непалда тағы бір жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда магнитудасы 6,7 тағы бір жер сілкінісі болды, деп хабарлайды сейсмологтарға сілтеме жасаған РИА Новости.
Сенбі күні Непалда магнитудасы 7,9 дейін жеткен жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 06:11-де және 09:11-де тіркелді, олардан кейін тағы бірнеше рет афтершок болды.
Жер сілкінісінің ошағы ел астанасы Катманду қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Непалда болған күшті жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқан адамдардың саны екі мыңнан асты.