21:33, 31 Мамыр 2015 | GMT +5
Непалда жер сілкінісінен кейін мектептер ашылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда сәуір айында магнитудасы 7,8 болған жер сілкінісінің салдарынан бұзылған мыңдаған мектеп қайта ашылуда.

Жалпы алғанда Катманду және оның маңында бұл табиғи апат салдарынан 25 мыңнан астам сынып бөлмесі қирады.
Көптеген сыныптар қолда бар материалдар - бамбук пен қап тігетін матаның көмегімен қалпына келтірілген.
Бұл ретте Непалдың билік көздері тұрғындарға ел және оның мектептерінің қайтадан қалыпты жұмыс істеп отырғанын түсіндіру қажет екенін мәлімдеді.
Жалпы алғанда Непалдағы жер сілкінісі салдарынан 8 мыңнан астам адам қаза тауып, 100 мыңға жуық адам панасыз қалды.