Непалдағы тасқын: 620-дан астам адам қаза тауып, 2 426 адам із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00–дегі жағдай бойынша Непалдың көшкіннен зардап шеккен аудандарынан 626 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Синхуа.

Непалдағы тасқын: 620-дан астам адам қаза тауып, 2 426 адам із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Синьхуа russian.news.cn

Елдің Ұлттық апат қаупін азайту және басқару басқармасының мәліметі бойынша, тағы 2 426 адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында.

Еске салайық, ұған дейін Непал мен Қытай шекарасы аймағында Қазақстанның тағы бір азаматы іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, 26 тамызда Непал-Қытай шекарасы маңында нөсер жауын су тасқынына ұласып, елді мекендер мен тұрғын үйлерді, жолдарды, көпірлер мен басқа да инфрақұрылымды су шайып кетті.