Непалдағы жер сілкінісінен опат болғандар саны 4 мыңнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдағы алапат жер сілкінісі салдарынан 4 мыңнан астам адам ажал құшты, деп жазады ТАСС.
Бұл туралы аталмыш елдің ішкі істер министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлаған. Ведомствоның хабарлауынша, 7 мыңнан астам адам медициналық көмекті қажет еткен. Гималайда магнитудасы 4,9-дан 6,9-ға дейінгі жер асты дүмпулері әлі де жалғасуда. Қазіргі кезде жер сілкінісінің кіндігі үнділік Батыс Бенгалия штатына ауысты, алайда Непал тұрғындары әзірге бүтін қалған баспаналарына қайта оралуға үрейленіп отыр.