16:49, 12 Тамыз 2015 | GMT +5
Непалдық студент бір минут ішінде өзінің басын аяғымен 134 рет ұрған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пускар Непал (Puskar Nepal) есімді непалдық студент Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Бұл үшін ол бір минуттың ішінде өзінің басын аяғымен 134 рет ұрған.

Бұл туралы Metro жазды.
Басылым атап өткендей, жас жігіт Гиннесстің рекордтар кітабына өткен аптада енгізілген, алайда бұл рекордты ол өткен жылдың желтоқсан айында орнатқан.
Оның сөзіне қарағанда, рекордты орнатуға 8-9 айдай дайындалған екен. Ол күніне бірнеше сағаттан жаттығып, бір уақытта екі аяғымен басын ұруды үйреніп алған, деп хабарлады The New York Post.
Осыған дейін бұл рекордты америкалық Джоэль Лейндекер орнатқан болатын. Ол аяғымен өзінің басын минутына 124 рет ұрған.