20:32, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
Непалдың премьер-министрі отставка кетпек
МӘСКЕУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Непалдың премьер-министрі Пушпа Камал Дахал дүйсенбі күні үкімет басшысы қызметінен кететінін жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Бұған коалиция бойынша Коммунистік партиямен әріптес басқа партиялардың премьердің шешімімен елдің құрлықтағы әскерлері қолбасшысы Рукмангуд Катавалды қызметінен кетіруіне келіспеуі себеп болды. Дахалдың айтуынша, ол үкімет қызметіне кедергі келтіріліп отырған жағдайда жұмысты жалғастыра алмайды.