Нетаньяху Трампқа «Хезболлаға» қарсы операциядан естелік пейджерлерін сыйлады

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьері Биньямин Нетаньяху 4 ақпанда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуде оған «Хезболлаға» қарсы операциядан естелік ретінде «жай және алтын жалатылған» екі пейджер сыйға тартты.

Нетаньяху келесі аптада Трамппен Ақ үйде кездеседі
Фото: Amos Ben Gershom/IMAGO/ZUMA Press Wire

 ТАСС мәліметінше, Дональд Трамп өз кезегінде «бұл ауқымды операция болғанын» мәлімдеді.

2024 жылдың 17-18 қыркүйегінде Ливанның әртүрлі бөліктерінде байланыс құрылғыларының, атап айтқанда пейджерлер мен рациялар жарылысы болды. Республика билігінің мәліметінше, 37 адам қаза тауып, 3 мыңнан астамы жараланған. Ливандағы Хезболла ұйымы жарылыстарға Израильді айыптады. Еврей мемлекеті бастапқыда бұл операцияға өзінің қатысы бар екенін ресми түрде мойындамады, бірақ сол жылдың 11 қарашасында Гендельман ТАСС агенттігіне Ливандағы байланыс құрылғыларын жару операциясын Нетаньяхудың жеке өзі мақұлдағанын айтты.

4 ақпан күні Нетаньяху мен Трамптың кездесуі бес сағатқа созылды және АҚШ президентінің «Премьер-министрді Ақ үйдің сыртында өзі қарсы алуынан басталды», — деді премьер-министр кеңсесінің кеңесшісі.

— Бұл тарихи сапар болды, бірақ бәрінен бұрын бұл Америка президенті мен Израиль премьер-министрі арасындағы тарихтағы ең достық кездесу болды, — деп атап өтті Гендельман.

Оның айтуынша, Трамп «премьер-министрге «Биби — (Беньямин Нетаньяху) ұлы көшбасшы» деген қолтаңбасы бар фотосурет сыйға тартты.

Кездесу барысында Нетаньяху Трампқа «Израильге соғыс кезінде қару-жарақ жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастағаны үшін, сондай-ақ Израиль мен оның премьер-министріне сөзсіз қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты», — деп қосты Гендельман.

Ол «Трамп Израиль негізі қаланған кезден бері мазалап жүрген мәселелерге жаңа шешімдер ұсынғанын» атап өтті.

Еске салсақ, дүйсенбіде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Вашингтонға келгені хабарланды.

Нетаньяху АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы Өкілі Стивен Уиткоффпен Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату және басқа да аймақтық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізетіні айтылды.