Netflix-ті басып озды: қазақстандық онлайн-кинотеатр халықаралық марапат алды

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстандық шығармашылық индустрия алғаш рет әлемдік алыптармен терезесі тең шығып, тарихи жетістікке қол жеткізді: Unico Play түсірген «Қара Бекіре» сериалы беделді GEMA Asia Awards (Promax) байқауында алтын және күміс жүлделерді қанжығалап, Netflix, Sony және Warner Brothers секілді алпауыттарды артта қалдырды. Каспий теңізінің тағдыры мен адамдық құндылықтар туралы терең драманы арқау еткен жоба халықаралық сахнада Қазақстанның мәдени ықпалы өсіп келе жатқанын дәлелдеп, жергілікті сторителлиңнің жаһандық деңгейге шығуға қабілетті екенін көрсетті. 

Netflix пен Warner Brothers-ті басып озды: қазақстандық онлайн-кинотеатр халықаралық марапат алды
Фото: Unico Play

«Қара Бекіре» сериалы үшін «Үздік интеграцияланған маркетиң науқан» номинациясында алтын және «Үздік постер» номинациясында күміс жүлдені жеңіп алып, Netflix-ті басып озды. Жоба Каспий теңізі, браконьерлік және заңның қарама-қарсы жағында тұрған екі ағайындының драмасы туралы әңгімелейді. Бұл толығымен Каспий теңізінің жағалауында және суларында түсірілген осы деңгейдегі алғашқы қазақстандық экшн-драма.

GEMA Asia Awards 1956 жылдан бастау алатын аңызға айналған Promax Awards (бұрынғы PromaxBDA) марапатының мұрагері. Ол жыл сайын АҚШ, Канада, Еуропа, Латын Америкасы, Азия және Аустралия сияқты ондаған елден қатысушылар жинайды. Әлемдегі ең ірі студиялар мен стримиң платформалары марапаттар үшін бақ сынасады. 2025 жылы Unico Play Netflix, Sony және Warner Brothers сияқты әлемдік ойыншылармен бір санатта бақ сынады. Дәл осы жерде, әлемдік деңгейде, Қазақстан алғаш рет entertainment маркетиңі саласында осындай жоғары бағаға ие болды.

Күздің басында Қазақстанның ірі қалаларының тұрғындары «Qara Bekire» жобасын ілгерілету аясында «Қара уылдырық! Тегін көр!» деген жазуы бар билбордтарды аңғарған болуы керек. Ондағы QR-кодтар Каспий теңізі мен экология туралы әсерлі драманы таныстыратын «Qara Bekire» сериалының жарнамалық бетіне апаратын жұмбақ «қара сайтқа» бағыттады. Науқан іске қосылған сәтте сыртқы жарнамадағы QR-кодтарды 5 мыңнан астам пайдаланушы сканерлеген.

Netflix пен Warner Brothers-ті басып озды: қазақстандық онлайн-кинотеатр халықаралық марапат алды
Фото: Unico Play

— «Qara Bekire» — бұл жай ғана жарнамалық кампания емес. Бұл — сирек, жоғалып бара жатқан және баға жетпес нәрсе туралы ересек, батыл нағыз қазақтың тарихы. Біздің тілде «qara bekire» — қара бекіре деген балық түрі. Біздің командамыз метафора арқылы азғыру идеясын қолданды: оңай уәде етілген «қара уылдырық» үстірт тілектің символы болса, шын мәнінде құнды нәрсенің ешқашан тегін болмайтыны — ащы шындық. Осылайша, кампания мәдени үндеуге айналды — дәл осы оны халықаралық деңгейде танымал етті, — дейді Unico Play креативті директоры Екатерина Рошонок.

Ол бұл метафора табиғатты, жадымызды, дәстүрлерді және адами қарым-қатынастарды қоса алғанда, сақтауды қажет ететін барлық нәрсені білдіретінін атап өтті.

Қазақстандық онлайн-кинотеатр халықаралық премияда Netflix-тен озып кетті.

— Бұл жеңіс Қазақстан үшін тарихи сәт. GEMA Asia Awards және Promax ашық мұрағаттары бойынша, бұған дейін қазақстандық жобалардың жеңісі ашық дереккөздерде тіркелмеген. Ал бүгін Netflix, Sony және Warner Bros. компанияларымен бәсекелесе отырып, біз елді танытып қана қойған жоқпыз — жергілікті сторителлиң жаһандық бәсекеге шыдай алатынын дәлелдедік, — дейді Unico Play компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Виктория Коппель.

Бұл науқан онлайн-кинотеатрдың іске қосылуы кезіндегі негізгі іс-шаралардың біріне айналды. Ол Unico Play-ді шығарылғаннан кейінгі алғашқы 10 күн ішінде Қазақстанда App Store дүкенінде 1-ші және Google Play-де 4-ші орынға көтеруге көмектесті, ал «Qara Bekire» қыркүйек айында ең көп талқыланған сериалға айналды.

Іске асыру науқаны шығармашылық негізін нығайтып, оның қазақстандық өзегін сақтап, жаһандық орындау стандарттарын қосқан халықаралық маркетиң агенттік Ogon қолдауының арқасында мүмкін болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық фильмдер шетелдік кинофестивальдерде үздік атанғанын жазғане едік.

Соңғы жаңалықтар