Невада - Семей

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі «Тарихи сурет» айдарын ұсынады. Бүгін редакция «Невада-Семей» қозғалысы туралы әңгімелемек. 

«Историческое фото»
Фото: МИА «Казинформ»

Семей ядролық полигонында қозғалыстың құрылуына бірнеше күн қалғанда радиоактивті газ тарады.

Қазақстанда ұлттық-патриоттық қозғалыстың рухани негізін салушы саналатын, сол кезде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (оған дейін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы) болған Олжас Сүлейменов Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаевтың қолдауымен полигон жұмысын тоқтату жөнінде мәселе көтерді.

28 ақпанда Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратының алдына мыңдаған адам (оның көбі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан) наразылыққа шықты. «Невада-Семей» қозғалысының тарихы сол сәттен басталды.

«Невада-Семей» қозғалысы жетістікке жетіп, әлемде алғаш рет жаңа үлгіні – халық және парламент дипломатиясының өзара әрекетін көрсетті.

Қазақстанға АҚШ-тан (Невада штатынан) делегация келіп, әлемдегі ядролық сынақты тоқтатуға шақырып, бейбіт шеру өткізді.

Осылайша қозғалыс халықаралық сипат алып, өз атауына ие болды.

Соңғы жаңалықтар