10:17, 07 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Невада-Семей» қозғалысына 20 жыл толуына арналған шара өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жаңақорған кентінде «Невада-Семей» қозғалысына 20 жыл толуына арналған шара өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған облыстың барлық аудандарының өкілдері қатысты. «Невада-Семей» қозғалысының жиынында қоғамдық ұйымның облыстағы төрағасы Айкелді Разақов баяндама жасады. Басқосу барысында Семей полигонында болған бір топ азаматтар өз пікірлерін білдірді. Ардагерлер Тастемір Жүзбаев, Шразиддин Жұмабаев, Аманкелді Талқожаев, Сәндібек Қалдыбаевтар «Невада-Семей» қозғалысының тұрақты жұмыс істеуін, оны жүйелеуді ұсынды.
Қызылорда облысы әкімдігі, Азаматтық альянс және «Игілік» корпоративтік қорының меморандумға қол қоюының нәтижесінде «Невада-Семей» аудандарда» атты жоба қолдау тауып, қаржыландырылды.