Нейрохиругиялық робот миға операция жасады
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды ауруханасында қолданылған «Remebot RM-200» құрылғысы жасанды интеллектімен жұмыс істейді. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты.
Оның тілін меңгеру үшін дәрігерлер Қытайға арнайы барып оқып келді. Роботтың ерекшелігі ол науқастың медициналық деректерін терең талдап, миға миллиметрлік дәлдікпен операция жасай алады. Заманауи аппарат жергілікті бюджет қаражатына сатып алынған. Жақында ол биопсия жасау, ми ісігін сылып алып тастау секілді операцияларға қатысады.
Айта кетелік елде алғаш рет балаларды лазерлік литотрипсия әдісімен емдеу жүргізілген еді.
Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында елде сараптамалық кластың ең жаңа жабдығы — Calculase III лазерлік жүйесімен жарақтандырылған алғашқы операциялық бөлменің салтанатты ашылуы өтті.