Нейрондық желі арқылы жасалған өнер туындысының авторы кім болады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова нейрондық желілерді пайдалану кезінде авторлық құқық кімге тиесілі болатынын түсіндірді.

Yandex Cloud бизнес учун ҳиссиётларни овоз орқали таний оладиган нейрон тармоқни тақдим этди
Фото: rg.ru

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында қазір нейрондық желілер өнер саласында жиі пайдаланылып жатқаны жайында сұрақ қойылды.

- Заңнамада авторлық құқық субъектісі ретінде тек жеке адам қарастырылған. Сондықтан (нейрондық желіге) сұрақты кім қойса, сол адам автор атанады, - деді Б. Жақселекова тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол жасанды интеллект белгіленген алгоритмдерді орындайтын тетік ретінде ғана саналатынын айтты.

- Атап айтқанда, осы алгоритмді белгілеген адам өнер туындысының авторы болады, - деп нақтылады вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында түркі әлемінің жасанды интеллект этикасына арналған алғашқы жиыны өтті.

Соңғы жаңалықтар