22:37, 29 Мамыр 2016 | GMT +5
Нибали спорттық мансабында 4-ші мәрте Гран-турда жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының мүшесі итальяндық велошабандоз Винченцо Нибали «Джиро дИталия» көпкүндігінің жалпы есебінде жеңіске жетті.

31 жастағы Нибали Гран-турда осымен төртінші мәрте жеңіске жетіп отыр. Ол 2013 және 2016 жылдары «Джиро» көпкүндігінде, 2014 жылы «Тур де Франста» ал 2010 жылы «Вуэльтада» мерейі үстем болған еді.
Колумбиялық Эстебан Чавес (Orica-GreenEdge) екінші орынға табан тіреп, мұндай көпкүндік жарыста алғаш рет жоғары нәтиже көрсете алды. Үшінші орынға Movistar командасының спортшысы испандық Алехандро Вальверде табан тіреді. Ол үш Гран-турдың жеңіс тұғырына көтерілген велошабандоздардың қатарын толықтырып отыр.