Нидерландыда үкіметтік коалиция таратылып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Нидерландының «Еркіндік партиясының» жетекшісі Герт Вилдерс дүйсенбі күні миграцияны бақылау мәселелеріндегі келіспеушіліктерге байланысты коалициядан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

2023 жылы Нидерландыдағы парламенттік сайлауда оңшыл саясаткер, иммиграцияға, исламға және ЕО-ға мүшелікке қарсы болған Герт Вилдерс басқаратын «Еркіндік партиясы» (PVV) жеңіске жеткен болатын.
Алайда, 2024 жылғы мамырда төрт нидерландиялық партия, оның ішінде PVV жаңа коалициялық келісімге қол қойып, бұрынғы барлау басшысы Дик Схофты премьер-министр етіп сайлады.
Бүгін Герт Вилдерс өзінің партиясы миграциялық саясаттағы келіспеушіліктерге байланысты билік коалициясынан шығып жатқанын хабарлады. Осылайша, премьер-министр Дик Схоф парламенттегі көпшілік даусынан айырылды.
Герт Вилдерс миграцияны толық тоқтатуды, сириялық босқындарды депортациялауды және мигранттарға арналған боспаналарды жабуды талап етеді. Бұл талаптар коалицияның басқа мүшелері тарапынан қолдау таппады.
Ол баспана беру бойынша жоспарларын жүзеге асыруға «кепілдіктер» беруді сұрады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, оның коалициялық серіктестері «ашуланып», Герт Вилдерстің «саяси ойындар» жүргізіп отырғанын айтады.
Бұған дейін Қазақстан мал санын Нидерланд әдісімен реттеуі мүмкін екені хабарланды.