Нидерландта жастар арасында әлеуметтік көмек алушылар саны өсіп келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Нидерландтың Статистикалық басқармасының (CBS) деректері бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ересектерге қарағанда тез белең алып жатыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ

Нидерланд
Фото: Азертадж

Әкімдіктер жұмыс табуда қиындық көріп отырған жастар санының артқанын айтады. Nu.nl газетінің мәліметінше, әсіресе 27 жасқа дейінгілер әлеуметтік көмекке жиі жүгінеді. Бұл ретте әлеуметтік көмек – өмір сүруге жеткілікті табысы жоқ адамдарға берілетін соңғы шара.

Көмек алушылардың шамамен жартысы сырқатына немесе мүгедектігіне байланысты жұмыс істей алмайды. Жастардың көпшілігі еңбек өтілі жоқ болғандықтан, олар ересектер сияқты WIA бағдарламасы бойынша өтемақы ала алмайды.

2025 жылдың соңында Divosa хабарлағандай, әкімдіктерге әртүрлі мүгедектігі мен ерекше қажеттіліктері бар жастардан көп өтініш түскен. Оларға босқын мәртебесі бар адамдар да кіреді, олар әдетте бірден жұмыс таба алмайды.

Әкімдіктер барлығына жылдам жұмыс табуға мүмкіндік болмайтынын, жастардың әлеуметтік көмектен тәуелді болу жағдайы артқанын айтып, дабыл қағып жатыр.

Бұдан бұрын Нидерландта тұрғын үй бағалары қаңтар айында рекордтық көрсеткішке жеткені мәлім болды. Бұл негізінен тұрғын үй нарығындағы тұрақты тапшылық, жаңа үйлердің аздығы және үй шаруашылықтарының табысының өсуімен байланысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум