Нидерландтағы турнирде бес боксшы финалда сайысқа түседі

АСТАНА. KAZINFORM - Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың 8 маусымдағы нәтижесі белгілі болды.

Нидерландтағы турнирде бес боксшы финалда сайысқа түседі
Фото: Оlympic.kz

Бұл күні ел құрамасынан сегіз боксшы сынға түсті. Олардың арасынан бесеуі финалға жолдама алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты.

Жекпе-жек нәтижесі төмендегіше:

50 келі. Даниял Сәбит (Қазақстан) - Редуан Ассаи (Бельгия). Сәбит нокаутпен жеңіске жетті.

65 келі. Ертуган Зейнуллинов (Қазақстан) - Али Абдуллаев (Әзербайжан). Төрешілердің басым бөлігінің шешімімен Али Абдуллаев жеңіске жетті.

70 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Анас Каддури (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Абылайхан шықты.

75 келі. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) - Джамал Кулиев (Украина). Төрешілердің бірауыздан шешімімен Джамал Кулиев финалға шықты.

80 келі. Ерасыл Жакпеков (Қазақстан) - Иде Силас (Дания). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Ерасыл шықты.

85 келі. Дәулет Төлемісов (Қазақстан) - Идрис Леганас (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Ерасыл шықты.

90 келі. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) - Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Турабек Хабибуллаев шықты.

90 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) - Идрис Шонуби (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Нұрлан шықты.

Айта кетейік, халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар