Нидерландыда мигрант тасымалдаушылар тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланды билігі мигранттарға Еуропаға заңсыз өтуге жәрдемдескені үшін екі сириялықты тұтқындады, деп жазады Би-би-си.
None
None

Жыл ішінде іс бойынша дәлел жинаған тергеу өкілдері нақтылағандай, голландиялық Эйндховен қаласында тұратын 35 жастағы сириялық пен оның 26 жастағы жиені Австралия, Венгрия, Грекия, Италиядан Нидерландыға заңсыз мигранттар әкелген.

Прокуратура деректеріне сүйенсек, тұтқынға алынғандар Таяу Шығыс елдерінен босқындарды заңсыз тасымалдаумен айналысатын контрабандылар желісіне кіреді.

Түркиядан теңіз бойынша Италияға немесе Грекияға жету үшін босқындар контрабандашыларға адам басына 7-8 мың еуродан төлеген. Батыс Еуропа елдеріне дейін жету үшін мигранттар тағы қосымша 1,5 мың еуро төлеу қажет болған.

Соңғы жаңалықтар