Нигер көрші елдермен шекарасын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Нигер көршілес бес елмен құрлық және әуе шекарасын ашты. Бұл туралы France24 басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Арменпресс» агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: armenpress.am

Президент Мохамед Базум тақтан құлап, оның күзеті төңкеріс ұйымдастырғаннан кейін ел шекарасы бір аптаға жабылған болатын.

«Алжир, Буркина-Фасо, Ливия, Мали және Чадомен құрлық және әуе шекарасы бүгіннен бастап қайта ашылды», - деп мәлімдеді әскери қызметкерлердің бірі Нигер ұлттық телеарнасының эфирінде.

France24 хабарлауынша, мәлімдеме Францияға бірінші эвакуациялық рейс ұшқаннан кейін бірнеше сағаттан соң жасалды.

Францияның бас штабы бұған дейін Нигерден 1 500 француз әскери қызметкерін қайтаруды жоспарлап отырмағанын мәлімдеген, ал эвакуациялау операциясы тек бейбіт тұрғындарға қатысты. Париж Нигер астанасы Ниамейге Франция мен басқа да Еуропа елдерінің азаматтарын эвакуациялау үшін үш ұшақ жіберді.

Сонымен қатар, Батыс Африка мемлекеттері Экономикалық қауымдастығының жоғары шенді әскери қайраткерлері 2-4 тамыз аралығында Нигерия астанасы Абуджада Нигердегі төңкерісті талқылайды.

Еске салсақ, 26 шілдеде Нигер президенті гвардиясы қызметкерлерінің бір бөлігі мемлекет басшысы Мохамед Базумға қарсы шығып, оның биліктен шеттетілгені белгілі болды. Нигер әскерінің қолбасшылығы президентті тақтан тайдырған сарбаздарды қолайтындығын мәлімдеді.

Армия генералы Абдурахман Тчиани елдің жаңа басшысы болып жарияланды.

Франция мен бірқатар батыс елдері әскери төңкерісті айыптады.


Соңғы жаңалықтар