Нигерия әншісі Алматыға деген махаббатын қазақша жеткізді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нигерия әншісі Rich D Алматыға деген махаббатын қазақша жеткізді. Бұл туралы NDG орталығының продюссері Жомарт Сүлейменов айтты.
None
None

«Алматы» бейнебаянын ресми таныстырылымын жасамадық. Тек туындыны ғаламторға жүктедік. Келесі айда әншінің «Айналайын» атты қазақша әні дүниеге келеді. Ол әнге түсірілген бейнебаянды ресми түрде таныстыратын боламыз», - деді Жомарт Сүлейменов.

Сюжетте әнші Rich D Алматы көшелерінде серуендеп, домбырада ойнайды.

«Rich D 2002 жылы Қазақстанға оқуға келген. Кейін университетті тәмамдаған соң Америкаға оқуға кетті. Үш жылдан соң қайтадан біздің продюссерлік орталыққа келді. Біз әншімен 5 жылға келісімге қол қойдық. Қазір әншінің репетуарында 5 қазақша әні бар», - деді Ж.Сүлейменов.

Оның айтуынша, әншінің қазақ тілін үйренуге деген ынтасы зор. Қазір ол аптасына 5 күн репититорға барып жүр. Сонымен қатар, әнші дәстүрлі музыкалық аспаптарды ойнауды да үйренуде.

Соңғы жаңалықтар