Нигерияда 45 қарулы қылмыстық топ мүшесінің көзі жойылды

АСТАНА.KAZINFORM - Нигерия армиясы Кацина штатында жүргізілген операция кезінде қарулы бандалардың 45 мүшесін жойды, деп хабарлайды Anadolu.

45 членов вооруженных банд нейтрализованы в Нигерии
Фото: Anadolu

Кацина штатының билігі 5 наурызда көршілес Замфара штатынан келген қарулы топ мүшелерінің малды ұрлауға әрекеттенуінен кейін аймақта қақтығыс болғанын хабарлады.

Биліктің мәліметінше, шабуылдаушылар 6 наурызда аймақта қайта пайда болып, алдыңғы операциялық базада орналасқан бөлімшелермен қақтығыс орнатқан.

Қауіпсіздік күштері мен қарулы топтардың арасындағы қақтығыс кезінде 45 шабуылдаушының көзі жойылды. Атыс кезінде бір капитан мен екі сарбаз қаза тапқаны туралы да хабарланды.

Нигерияның солтүстігінде, әсіресе Кацина мен Замфара штаттарында қарулы топтардың ауылдарға үнемі шабуыл жасап, адам мен мал ұрлауға әкеп соқтырғаны айтылады.

Нигерия ұзақ уақыт бойы қарулы топтардың да, террористік топтардың да, соның ішінде «Боко Харам» мен «ISWAP» шабуылдарынан зардап шекті, деп атап өтеді басылым.

Бұған дейін Нигерияның орталығындағы Плато штатында болған қарулы шабуылдан 10 адам қаза тапқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум