Нигерияда экстремистер колледж студенттеріне оқ атты: 27 адам көз жұмды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысындағы Муби қаласында белгісіз біреулер мемлекеттік политехникалық колледж студенттеріне оқ атты. 27 адам көз жұмды, 15 адам жараланды. Бұл туралы BNews.kz жазады.
None
None

БАҚ-тың хабарлауынша, шабуыл жасағандар кампустан тыс жерде тұратын студенттердің бөлмелеріне кіріп оқ атқан. Кейбір мәліметтер бойынша, атыс бірнеше сағатқа созылған, дегенмен не полиция, не әскери бөлімше қылмыскерлерге кедергі жасай алмаған. 

Оқиға алдында кампус аумағында хат табылған болатын, хатта студенттерді 2 қазан, сейсенбі күні қауіпсіз жерге көшіріп, сабақ өткізбеуге шақырған.

Осы қылмысты Нигерия аумағында әрекет ететін топтардың бірі де мойындамады. Алайда, полиция шабуылға радикалды исламдық бағыттағы «Боко харам» тобының қатысы бар деп санайды. Экстремистер елдің бүкіл аумағында ислам мемлектін құру мен қазіргі білім беру моделіне тыйым салуды мақсат еткен, деп хабарлайды Newsru.com.

Биылғы жылы «Боко харам» 700 адамның өмірін қиғандығын мойындап отыр. Ал 2010 жылы олардың қолдарынан 1,4 мың адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар