20:28, 25 Наурыз 2013 | GMT +5
Нигерияның шығысындағы түрмеден 120 адам қашып кетті
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жұмада бір топ содырдың шабуылынан кейін Нигерияның шығысындағы абақтыдан 120-дан астам сотталушы қашып кетті.

Бұл жайында шекаралас орналасқан Адамава штатының билігі хабарлады.
ВВС мәліметіне қарағанда, шабуыл жасағандар түрменің қақпасын бұзып, камералардың есіктерін ашқан көрінеді. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қарудан жарақат алған қамаудағы бір ғана адам қаша алмаған.
Камерун шекарасы маңындағы Ганье қаласында содырлар шабуылының нәтижесі 25 адамның өліміне әкелді. Бұған қоса, қарулы шабуылдардан қалалық банк пен полиция бөлімі де шет қалмады. Сонымен қатар, олар жергілікті тавернаға да оқ жаудырған екен.
Билік өкілдері аталған шабуылдарды «Боко Харам» тобы ұйымдастырды деп топшылап отыр. Өйткені, олар соңғы жылдары Нигерияның солтүстігі мен шығысында белсенділік танытып отыр.