Никол Пашинян ЕАЭО Жоғарғы кеңесінің отырысына онлайн режимде төрағалық етеді

АСТАНА.KAZINFORM — Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян Еуразиялық жоғары экономикалық кеңес отырысына қашықтан төрағалық етеді, деп хабарлайды Арменпресс.

Никол Пашинян ЕАЭО Жоғарғы кеңесінің отырысына онлайн режимде төрағалық етеді
Фото: Арменпресс

Бұл туралы Армения Республикасы Премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Багдасарян Арменпресс агенттігіне берген сұхбатында хабарлады.

— Армения премьер-министрі Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қашықтан төрағалық етед, — деді Багдасарян.

Бұған дейін Никол Пашинян өзіне коронавирус диагнозы қойылғанын мәлімдеген болатын.

Кеше ол Санкт-Петербургте өтетін ТМД бейресми саммитіне қатыспайтынын және бір күн ішінде ЕАЭО саммитіне қатысу туралы шешім қабылдайтынын айтты.

Кейінірек Премьер-министр әлеуметтік желіде тестілеуді қайта тапсырғанын жазды.

Санкт-Петербургте жұмысын бастайтын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысын YouTube-тегі Jibek Joly арнасынан тікелей эфирде көруге болатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.