Nivea крем саңғып кететін робот құс туралы жарнама шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Канн арыстандары» фестивалінің қазылар мүшесі Джон Хегарти Adweek басылымына байқауда қазылар алқасының жағасын ұстатқан жарнама бар екендігін мәлім еткен.
None
None

Ол Nivea ролигін «масқара дүние» деп бағалады.

Шағын видео жарнамада балаларға күннен қорғайтын иісмайды пайдалану ұсынылған. Кішкентайларды қызықтыру үшін Nivea жағажай үстінен ұшып өтетін шағала робот жасаған, ол балаларға әуеден арнайы иіс май саңғиды.

Хегарти оны «ең сорақы жарнама» деп бағалап отыр. Қазылық етушілердің бір тобы бұл пародия десе, екінші біреулері Nivea түсірген дүниені сәтті шыққан деп бағалады. 


 

Соңғы жаңалықтар