Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 6-13 қазанда жарияланады
АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары 6-13 қазан аралығында Стокгольм мен Ослода жарияланады. Бұл туралы Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нобель қорының пресс-релизінде хабарланғандай, физиология және медицина саласындағы лауреаттың есімін 6 қазанда Каролинский институты жанындағы Нобель комитеті, физика және химия саласы бойынша - Нобель комитеттері жариялайды.
7 және 8 қазанда Корольдік ғылым академиясының, 9 қазанда Швеция академиясы әдебиет саласындағы таңдаулары туралы айтады.
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 10 қазанда Ослода белгілі болады. Оны Норвегиялық Нобель комитеті жариялайды.
Альфред Нобельді еске алуға арналған швед Риксбанк сыйлығының иегерін 13 қазанда Стокгольмдегі Корольдік ғылым академиясы жанындағы Нобель экономика комитеті анықтайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылғы «Грэмми» сыйлығының жеңімпаздарын жазған едік.