Нобель сыйлығының лауреаты Джеймс Уотсон қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, ДНҚ құрылымын ашқан Джеймс Уотсон 98 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Belta агенттігі хабарлады.

Нобель сыйлығының лауреаты Джеймс Уотсон қайтыс болды
Фото: Belta

Уотсонның ұлының айтуынша, ғалым өзіне қойылған диагноздан кейін аз уақыттың ішінде Нью-Йорктегі хосписте қайтыс болған.

1953 жылы Джеймс Уотсон британдық биофизик Фрэнсис Крикпен бірге ДНҚ молекуласының құрылымын сипаттады. Бұл жаңалық молекулалық биология мен молекулалық генетиканың, сондай-ақ заманауи медицина мен биотехнологияның дамуына зор үлес қосты. 

Айта кетейік, биыл Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунитет жүйесін зерттегендерге берілді.

Соңғы жаңалықтар