Нобель сыйлығының лауреаты Мачадо Венесуэладан қайықпен жасырын түрде қашып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Нобель сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадо теңіз арқылы қашып,  Ослоға жетті, деп хабарлайды DW.

Нобель сыйлығының лауреаты Мачадо Венесуэладан қайықпен жасырын түрде қашып кетті
Фото: DW

2025 жылы Нобель комитеті демократиялық құқықтарды қорғауға күш салғаны үшін оппозиция жетекшісі Мария Корина Мачадоға Нобель бейбітшілік сыйлығын берді. Бұл Каракас тұрғындарының таңданысын тудырды. 

Биліктің елден шығуға қойған шектеуіне қарамастан, Мачадо балықшы қайығы мен Кюрасао арқылы жеке ұшақпен ұшу арқылы жасырын түрде Венесуэладан кетіп қалды. Ол үшін Мачадо парик киіп, түр-әлпетін жасыруға мәжбүр болды.

Операцияны АҚШ арнайы күштерінің бұрынғы мүшесі Брайан Стерн басқарды. CBS News арнасына берген сұхбатында ол Мачадоның Венесуэла суларынан кішкентай қайықпен кетуге мәжбүр болғанын айтты.

— Ол біз құтқарған алғашқы Нобель сыйлығының лауреаты. Біз мұндай статустағы адамды ешқашан эвакуациялаған емеспіз, - деді Стерн.

Нобель сыйлығының лауреаты Мачадо Венесуэладан қайықпен жасырын түрде қашып кетті
Фото: instagram.com/MariaCorinaMachado

Ол күшті толқын қайық қозғалысын қиындатып, кеменің радарлық анықтау жылдамдығын төмендететкенін айтты. Бірнеше сағаттан кейін Стерн Мачадомен үлкен кемеде кездесті, содан кейін олар шамамен 13-14 сағат өткенде құпия эвакуациялық пунктіге жетті. Сол жерден Мачадо Ослоға ұшты.

Мачадо мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, бюрократияны азайту және сыбайлас жемқорлықты қатаң бақылауды жақтайды және ашық сайлау өткізуге шақырады.

Бұған дейін біз Иранда Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар