Нокаутқа түскен UFC чемпионы жылап жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай ауыр салмақта UFC чемпионы титулы үшін болған айқаста 30 жастағы қарсыласы Джон Джонс нокаутқа түсірген Дэниэл Кормье жеңілістен соң көз жасына ерік берді.
None
None

Кештің ең басты жекпе-жегінің тағдыры  үшінші раундта шешілді.

Джонстың кездесуде басым екендігі алғашқы минуттардан белгілі болды  және қарсыласының мүлт кеткен сәтінде аяғымен басқа дәл соққы жасады. 

Спорттық мансабының аяқталуына соқтыруы мүмкін жеңілістен соң Кормье жылап тұрып,  қарсыласының мықтылығын мойындады.

«Ол екі кездесуде де басым түсті. Екеуміздің арамымызда енді бәсекелестік болмайтын шығар. Мен білмеймін. Басыма соққы жіберіп алдым. Қатты түңілдім...

Джонс болса, жеңістен кейін  40 жастағы ардагерді, ауыр салмақтағы Броку Леснарды айқасқа шақырды.

Кормьені  Джонс екінші рет сүріндіріп отыр. 2015 жылы Джонс ұпай санымен жеңген болатын. Бірақ UFC оны аяғы ауыр әйел зардап шеккен жол апатына қатысы барлығы үшін белбеуінен айырған еді.  Ал бос титулды Кормье  Энтони Джонсонмен жекпе-жекте басым түсіп, ұтып алған болатын.

Соңғы жаңалықтар