Нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық боксшы келесі айқасының уақытын білді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұловтың (5-1-2, 1 КО) келесі жекпе-жегінің датасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

BoxRec.com. мәліметі бойынша, Райымқұловтың рингке оралуы 24 маусымда Филадельфияда (Пенсильвания, АҚШ) жоспарланған. Алайда, қарсыласының есімі әлі аталмады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні таңертең Темірлан Филадельфия қаласында жергілікті боксшы Исайи Селдонға (14-5-1, 5 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық боксшы рингке Украинаның туымен шығып, жекпе-жектен кейін берген сұхбатында осы елге қолдау білдірді.


Соңғы жаңалықтар