«Номадтың» шайбалы хоккейден Құрлық кубогы финалындағы қарсыластары анықталды
Қазақстандық «Номад» командасының Құрлықтық кубоктың финалындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың финалдық сатысында елордалық команда «Кардифф Девилз» (Уэльс), «Катовице» (Польша) мен «Хернинг Блю Фокс» (Дании) клубтарымен ойнайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық команда Е тоында Латвияның «Земгалесін» 4:1, Уэльстің «Кардифф Девилзін» 5:4, Францияның «Греноблін» 2:0 есебімен жеңіп, өз тобында бірінші орын алды.
Жарыстың финалдық сатысы 2024 жылдың 12-14 қаңтар аралығында өткізіледі.
Құрлықтық кубок Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы аясында 1997 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін еліміздің атынан қатысқан Көкшетаудың «Арлан» командасы 2018/2019 жылғы турнирде бас жүлдені жеңіп алды.
Әртүрлі жылдарда «Бейбарыс» (Атырау), «Сарыарқа» (Қарағанды), «Номад» (Астана) екінші орынға жайғасса, «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) қола жүлдегер атанған еді.