Нормативтік ысыраптар мөлшері бекітілетін болды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Табиғи монополияларды реттеу агент­ті­гінің Қызылорда облысы бойынша депар­таментінде электр энергиясының норма­тив­тік-тех­ни­ка­лық ысыраптарын бекітуге байланысты бас­қосу болып өтті.
None
None

Жиынға департамент дирек­торы Нұрлан Пірімов, «Қызылорда электр та­рату тораптары компаниясы» акцио­нерлік қо­ғамы бас директорының бірінші орын­басары Нағы­мадин Дәрібаев, сондай-ақ ар­найы құ­рыл­­ған комиссия мүшелері қатысты.

Кеңес барысында хабарламалар тыңда­лып, бірқатар ұсыныстар берілді. Маман­дардың айтуынша, аталмыш департаментке «ҚЭТТК» АҚ 2010 жылға ысырапты 21,7 пайыз, ал 2012 жылға 21,78 пайыз деңгейінде бекітуге өтініш білдіріп отыр. Ал департамент өз кезегінде бұл пайыздық көрсеткішті 2010-2012 жылдарға 16,3 пайыз деңгейінде бекітуді жөн санайды.

Басқосудағы қорытынды сөзінде Н.Пірімов тыңдауда айтылған сын-ескерт­пелер мен ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, норматив­тік-техникалық ысыраптың мөл­ше­рін ағымда­ғы жылдың 2 шілдесінде бекітетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар