22:48, 22 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Норвегия полициясы босқындарға байланысты шекарадан өтетіндерді тексереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегия полициясы Скандинавия корольдігі мен Шенген аймағының басқа елдері арасындағы шекарадан өтетін кейбір тұлғалардың құжаттарын ішінара тексеруді жүзеге асырмақ, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі.

Бұл туралы Еуропа елдерінің ІІМ басшыларының көші-қон бойынша шұғыл кездесуіне барған Норвегияның Әділет және қоғамдық қауіпсіздік министрі Андерс Анундсен мәлім етті.