14:42, 13 Наурыз 2017 | GMT +5
Норвегияда хоккей чемпионатының матчы сегіз сағатқа созылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияда хоккей чемпионатының плей-офф кезеңінде «Сторхамар» мен «Спарта» арасындағы матч хоккей тарихындағы ең ұзақ ойын атанды.

Жеңімпазды анықтау үшін рекордты сегіз овертайм қажет болған.
Жексенбі күні Хамар қаласында болған кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Ойынның тоғызыншы сағатында жеңісті шайбаны алаң қожайындарының форварды Йоаким Йенсен салды.
Матч жергілікті уақытпен 18:00-де басталып, түнгі екі жарымда аяқталды. Оның таза уақыты 217 минут 14 секундты құрады.