18:04, 10 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Норвегиядағы әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM – Хамарда (Норвегия) конькимен жүгіруден әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңі өтеді.
Іріктеу турнирінде ел намысын 12 спортшы қорғайды.
Құрамаға Нұралы Ақжол, Евгений Кошкин, Надежда Морозова, Роман Биназаров, Виталий Щиголёв, Артур Галиев, Александр Кленко, Никита Важенин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева, Алёна Лифатова және Кристина Силаева енді.
Әлем кубогының кезеңі 12-14 желтоқсан аралығында өтеді.
Айта кетейік, Хамардағы дода – қазіргі маусымдағы әлем кубогының төртінші кезеңі әрі 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеудің соңғы жарысы болмақ.
Еске сала кетейік, бұған дейін конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар 11 медаль алғанын хабарлағанбыз.