Норвегиялық делегат информатика бойынша Халықаралық Олимпиадаға қатысу - үлкен мәртебе екендігін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Норвегиядан келген команданың жетекшісі Гир Энгдахл Алматыда информатика бойынша оқушылар арасында өтетін XXVII Халықаралық Олимпиадаға қатысу - үлкен мәртебе екендігін айтты.
None
None

«Бұл Олимпиада біздің балаларға көп мүмкіндік береді. Оған қатысқаннан кейін олар біздің елдің жоғары оқу орындарына түсе алады. Бұл Олимпиада оқушалар үшін үлкен мәртебеге ие», - деді Г. Энгдахл.

Ол Алматы қаласының көрікті қала екендігін ерекше атап өтті. Қазақстанға сапар шегер алдында, норвегиялық делегация интернет арқылы Алматы қаласының тарихымен және айналасындағы табиғатымен танысқан екен.

«Біз Алматыға бірінші рет келіп отырмыз. Бізге бұл жер өте ұнайды. Тауға барғымыз келеді. Сондай-ақ, Қайыңды көлін тамашалақ дейміз. Интернет арқылы оның суретін көргенбіз. Өте әдемі көл», - деді делегат.

Айта кетелік, Алматыда информатика бойынша мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған Халықаралық Олимпиадаға 86 елден 630-дан астам делегат келген.

Соңғы жаңалықтар