Норвегиялық шенеунік Қазақстанның Ұлттық қорын қазіргі дағдарысты еңсерудегі тиімді құрал деп санайды

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Норвегияның Энергетика және мұнай министрінің орынбасары Моника Стубхолттың пайымдауынша, Норвегия мен Қазақстанда құрылған тұрақтандырушы мұнай қорлары (Ұлтық қор – ред.) қазіргі әлемдік экономикалық дағдарысты еңсерудегі тиімді құрал болып табылады.
None
None
Ол бұл пікірін бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевпен кездесуден кейін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Норвегия да, Қазақстан да қазіргі таңда әлемдік экономикалық дағдарыспен байланысты белгілі бір проблемаларға тап болып отыр. Алайда, біздің елдердің арасында көптеген ұқсастықтар бар. Екі мемлекет те мұнай өндіретін елдер. Бұған қоса, біздің елдерде мұнайды өндіруден, оны сатудан түсетін пайдалар шоғырланатын тұрақтандырушы мұнай қорлары құрылды. Мұндай қорлар біздерде дер кезінде, үлкен дағдарыстың алдында құрылғаны қуантады. Сондықтан, Қазақстан да, Норвегия да қазіргі әлемдік экономикалық дағдарысты табысты еңсере алады деп санаймын», деді брифингте М. Стубхолт.Айта кетейік, М. Стубхолтпен кездесуі кезінде Қ. Саудабаев Норвегияның тәжірибесіне сүйеніп Елбасының шешімімен Қазақстанда құрылған Ұлттық қор қазіргі дағдарыс кезінде елімізге көп пайдасын тигізіп жатқанын атап көрсетті. «Қазіргі дағдарыс кезінде Президенттің Ұлттық қорды құру туралы дұрыс шешім қабылдағанына тағы бір мәрте көзіміз жетіп отыр. Кезінде көптеген популистер Мемлекет басшысын Ұлттық қордағы қаржыны әрбір қазақстандыққа 17 мың теңгеден таратып беруге үгіттеген болатын. Бұл қорды сақтау арқылы, болашағымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз еткенімізге бүгінде көзіміз жетіп отыр», деді Қ. Саудабаев.
Соңғы жаңалықтар