20:38, 17 Мамыр 2015 | GMT +5
Нөсер жаңбыр «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесін шайып кетті, көлік қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 17 мамырда ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда облысынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Бұл туралы ІІМ ТЖК сайтында хабарланды.
Сағат 17:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (жаңбыр) және жол төсемесінің шайылып кетуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін Қызылорда облысынан Жезқазған қаласына дейін (216-424 км «Қызылорда-Павлодар жолы) қозғалыс тоқтатылды.
Сағат 18:30-дан бастап жол төсемесінің шайылып кетуіне байланысты Қызылорда қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін (12-216 км «Қызылорда-Павлодар жолы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.