Нөсерлі жаңбыр салдарынан Теміртауда көліктер суға батты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Толассыз нөсер салдарынан Теміртау көшелері мен көліктер су астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Су жарты сағатта ағып кетті. 25 маусым күнгі кештен 26 маусымға дейін 7-8 мм жаңбыр жауды. Бұл нормадан жеті есе көп. Осыған байланысты кейбір аудандарда жолдарды су басты. Жауын суы ағып кететін арықтар мен құбырлар ескі, көпшілігі кеңестік кезеңде салынған. Мердігер ұйымдар оларды ұдайы тазартып отырады. Бірақ адамдар оған неше түрлі заттарын тастап, олар бітеліп қалады. 2010 жылға дейін қала бойынша суды ағызатын жүйелер салынатын. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде нөсер құдықтарының асфальтталып тасталған жағдайлары анықталды. Оларды ауыстыруға тырысамыз», - дейді Теміртау әкімдігінің баспасөз  хатшысы Ольга Горячева.

Нөсер салдарынан Металлургтер және Димитров көшелерін су басқан. Тұрғындардың  сөзіне қарағанда, жолға жиналған су тіпті трамвайлар мен автобустарға да қиындық тудырған.

Соңғы жаңалықтар