Нотр-Дам де Пари шіркеуінің мұнаралары өрттен кейін қайта ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — Франция президенті Эммануэль Макрон Нотр-Дам де Пари шіркеуінің ортағасырлық екі зәулім мұнарасын қайта ашты. Бұл туралы BBC жазды.
Ғимарат мұнараларының ашылуы алапат өрттен кейін ауқымды қайта жаңғыртудың соңғы кезеңдерінің бірі болды.
— Бұл күн кездейсоқ таңдалмады. Француз билігі халықтың осы демалыс күндері Париждің таңғажайып көріністерін ұсынатын бақылау палубасына 424 баспалдақпен көтерілуін қалады.
2019 жылдың сәуіріндегі өрт шіркеудің төбесін және оның готикалық шпилін қатты зақымдады. Қалпына келтіру үшін шамамен 846 миллион еуро жиналды. Жөндеу жұмыстарына шамамен 2000 адам жұмылдырылды, — деп жазды агенттік.
Қалпына келтіру жұмыстарын Эммануэль Макрон жеке бақылады. Ол өрт болған күні Париждегі ғибадатхананың президенттік мерзімі аяқталғанға дейін қайта салынып, халық үшін қайта ашылады деп уәде берген.
Айта кетейік, Microsoft Нотр-Дам де Пари ғимаратының цифрлық көшірмесін жасайды.
Сондай-ақ шіркеуге кіру ақылы болуы мүмкін.