Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 7-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Үлкен дулыға» жарысының 21 дүркін жеңімпазы Н.Джокович финалда әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті.

Сербиялық спортшы 6:3, 6:4 есебімен ұтып, өзінің үздік теннисші екендігін тағы бір дәлелдеді.

Осылайша, биыл елордада алғаш рет ATP 500 деңгейінде өткен айтулы дода мәреге жетті.

Еске салайық, Н.Джокович астана турнирінің финалына шыққанын бұған дейін жазған болатынбыз.

ATP 500 жарысы бас қаламызда 1-9 қазан аралығында өтті.



Фото: ҚТФ
Соңғы жаңалықтар