Новак Джокович мансабындағы 100-титулды жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы серб теннисшісі Новак Джокович мансабындағы 100-титулды жеңіп алды Oxu.az.

теннис джокович
Фото: skysports.com

Женевада (Швейцария) сазды корттағы ATP-250 турнирінде ол финалда әлемнің 31-ракеткасы польшалық Хуберт Хуркачты 5:7, 7:6 (7:2), 7:6 (7:2) есебімен ұтты.

Женевадағы титул Джокович үшін осы маусымдағы бірінші титул болды. Өткен маусымда Париж Олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды.

Келесі кезекте Новак Джокович Францияның ашық чемпионатында өнер көрсетеді. Ол жарыстың алғашқы турында америкалық Маккензи Макдональдпен ойнайды.

Ролан Гаррос бүгін, 2025 25 мамырда басталып, 8 маусымда аяқталады.

Еске сала кетейік, Ролан Гаррос турнирінде Елена Рыбакинаның қарсыласы өзгерді. 

Соңғы жаңалықтар