15:24, 07 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Новороссийск портына Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы 500 млн тонна мұнай жөнелтілді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2001 жылдан бастап Атырау облысынан Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы Новороссийск теңіз портына 500 млн тонна мұнай жөнелтілді, деп хабарлады Атырауда жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қашаған кен орнын таныстыру барысында.

Атырауды Каспий құбыр желісі консорциумымен байланысқа шығарған телекөпірде Президентке бұл күндері портта Қашаған кен орнынан мұнайдың алғашқы танкерін тиеу жүріп жатқанын хабарлады. Танкердің су сыйымдылығы - 115 мың тонна.
Еске салсақ, Қашағанда мұнай өндіру жаңартылған сәттен бастап барлығы 500 мың тонна мұнай өндірілді.