12:29, 24 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Новосібірде көлік аударылып, үш жаяу жүргінші ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Новосібір қаласында шетелдік көліктің қағып кетуі салдарынан үш жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлады ТАСС РФ ІІМ-нің облыстық басқармасына сілтемемен. Мәліметтер бойынша, Toyota көлігінің жүргізушісі оны басқара алмауы салдарынан көлік аударылып кеткен.

«Көлік үш адамды қағып кеткен. Олардың екеуі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы бір азамат жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізіліп, алған жарақаттарынан түнде қайтыс болды», - деп нақтылады басқармадан.
«Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы фактісімен РФ ҚК-нің «Алкогольдік мас күйде болған тұлғаның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы және көліктік құралдарды пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.