Новосібірде үйсіз-күйсіз дарынды музыкант өнері әлемді өзіне қаратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күллі әлем Ресейден белгісіз үйсіз-күйсіз музыкантты түсірген видеоны тамашалауда. Олардың қатары да күрт артып отыр.

   Новосібірде үйсіз-күйсіз дарынды музыкант өнері әлемді өзіне қаратты

Ол Новосібір вокзалында түсірілген, деп хабарлайды piter.tv.
Кадрда қаңғыбасты көз алдыңа әкелетін орта жастағы адам «Ол жерде менің ошағым жанып тұр» әнінің ерекше нұсқасын гитарада ойнауда. Сезімге берілген мәнерлі ән жүз мыңдаған адамның жүрегін жаулады. Пікірде оны бірі «дана» десе, енді бірі «филармонияның кедей музыканты» деп жазуда.

Видеода кейіпкердің кім екені айтылмаған. Алайда оған жұртшылық гитарада ойналатын белгілі әндердің cover-нұсқасымен әлемдік тур ұйымдастыруды ұсынуда. Небәрі екі-үш күннің ішінде роликті 500 мыңнан астам адам тамашалаған.